Көктемді белсенді қарсы аламыз: КРЕМОРНЕ-нің толстовкасы мен шалбары

Жайлы әрі сәнді көктемгі образ — оңай! КРЕМОРНЕНІҢ толстовкасы мен шалбары күнделікті және спорттық стильге мінсіз үйлеседі және киюге ыңғайлы.

Коллекция КРЕМОРНЕ ― теріге жағымды аралас матадан тігілген худи мен шалбар. Құрамындағы мақта арқасында жақсы ауа өткізгіштікке ие. Полиэфирдің арқасында жоғары беріктілігі мен тозуға төзімділігімен ерекшеленеді.

Худи сыдырмасы, бүйір қалталары және беткі ашылуын реттеуге арналған қапюшонмен жабдықталған — киюі ыңғайлы. Қалың жапсырмалар ең көп тозылатын жерлерді — иық пен шынтақты — қорғайды. Осының арқасында худи жиі иыққа сөмке асып жүру немесе рюкзак арқалау кезінде созылмайды және тез тозбайды — белсенді демалыс әуесқойларына таптырмас таңдау.

Шалбарда тігіліп қосылған манжеттер мен серпімді таспалы белбеу бар. Кез келген дене пішініне жақсы сəйкес келеді. Терең бүйір қалталарына телефонды, әмиянды және басқа қажетті ұсақ-түйекті салуға болады.

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық