Буланудан қорғау

Қиын немесе өзгермелі температуралық жағдайларда жұмыс істегенде көзілдіріктің тұмандануы (температураның төмендеуі, жылы бөлмеден аязға немесе керісінше көшу, ауа ылғалдылығының жоғарылауы кезінде) тиімді жұмыс істеу мүмкіндіктерін айтарлықтай шектейді.

Ең аз бір ыңғайсыздық туындағанда — мысалы, көзілдіріктен нашар көрінсе — адам оны дереу шешкісі келеді, әсіресе буланған көзілдірік жұмысты дәл әрі дұрыс орындауға кедергі келтірсе. Бірақ қорғаныс көзілдірігі болмаған жағдайда жұмысшының денсаулығы қауіпке ұшырайды,  өйткені ұшып келген бөлшектердің көзге түсу ықтималдығы айтарлықтай артады.

Буланудың алдын алу үшін линзаның бетіне арнайы жабын жағылатын болады. Осындай жабындысы бар қорғаныс көзілдірігі — өзгеріп тұратын температуралық жағдайларда қызметкердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиімді тәсілі.

Алдыңғы технология Келесі технология