Softshell материалы

Софтшелл ― заманауи көпқабатты материал, 3 қабаттың артықшылықтарын біріктіреді:

  1. сыртқы қабат ― суға төзімді қаптамасы бар плащ материалы;
  2. ортаңғы қабат ― мембрана, киім ішіндегі ылғалды ыңғайлы шығарып, сондай-ақ жел мен жауын‑шашыннан қорғайды;
  3. ішкі қабат ― жұмсақ, тәнге жағымды флис, ол жылуды тамаша сақтайды.

Назар аударыңыз: жылы көктем мен күзде қолдануға арналған өте жеңіл софтшелл түрлері кездеседі. Ол мембранасыз болуы мүмкін.

Софтшелл шешімі демисезондық модельдерде ішкі қаптама мен жылытқышты қолданбауға мүмкіндік беріп, бұйымдардың салмағын азайтады. Үш материал бірігіп, ерекше тозуға төзімді және практикалық бір материалды құрайды. Софтшеллдан тігілген бұйымдар спортқа, жұмысқа және күнделікті пайдалануға жарайды.

Кейбір софтшелл материалдары құрамында қозғалыс кезінде қосымша жайлылық пен мінсіз пішінге отыру үшін аз мөлшерде спандекс (эластан) болуы мүмкін.

Алдыңғы технология Келесі технология