Кордура®/ Cordura® — INVISTA фирмасы сертификаттаған нейлонның тіркелген сауда белгісі — жіп құрылымы ерекше, суға төзімді сіңдіру мен полиуретан жабындысы бар қалың нейлон мата.
Мата бірнеше кезеңде полиуретанмен өңделеді. Қаптамасы өте сапалы болып, ұзақ сақталады. Сонымен қатар, жіпке кейде 10%-ға дейін мақта қосылады. Осыдан бетінде пайда болатын жұқа жүн қабаты матаның тозуға төзімділігін арттырады.
Арнайы жұмыс киімін өндіруде Кордура® ең көп тозатын аймақтарға орналастырылатын күшейткіш накладкалар жасау үшін қолданылады: курткалардың жеңіндегі шынтақ аймағында, шалбарлар мен жартылай комбинезондардағы тізе аймағында.