Көктемгі образты торлы жейдемен қалай жасауға болады

Көктем — көп қабатты киіну тек сәнді ғана емес, практикалық шешімге айналатын уақыт. Мысалы, жейдені футболка үстіне қабаттап кию арқылы өзгермелі ауа райына оңай бейімделіп, сонымен бірге сәнді көрінуге болады.

Торлы жейде ― күнделікті және спорттық образдарға сай келетін универсалды зат. Ол футболкалармен, толстовкалармен, жеңілірек және жылы күрткелермен үйлеседі, сондықтан ауа райына қарай киімді оңай таңдап алуға болады.

Көңіл-күйге байланысты жейде арқылы жарқын да, тыныш та образдар жасауға болады, әр түрлі көрінесіз. Ақ пен қара қанық та, бәсең де реңктермен үйлеседі ― БРУНО жейдесі әмбебап.

Бұл образда торлы жейдемен бір-бірін толықтыратын элементтер — сұр-көк түсті ВИЛЛИ футболкасы, сұр-қара КРЕМОРНЕ шалбары және АРНО кроссовкалары. Сәл салқын әрі желді күндері қосымша жылы қабат ретінде КРЕМОРНЕ толстовкасын пайдалануға болады. Оны кез келген уақытта ыңғайлы етіп ТРЕНТ рюкзагына бүгіп салуға болады: рюкзак көптеген ыңғайлы бөлімшелерімен, USB-шығысымен және портативті зарядтағышты қосуға арналған ішкі сымымен жабдықталған. Егер ауа қатты суитса, мысалы, софтшеллден жасалған күртке киюге болады.

Бір образты әртүрлі ауа райына оңай бейімдеуге болады.

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық