Жұмысқа велосипедпен! Салауатты өмір салтын ұстанамыз

Жұмысқа барғанда автокөліктің орнына велосипед таңдаған кезде біз қоршаған ортаны зиянды шығарындылардың әсерінен қорғап, сақтауға көмектесеміз.

Жұмысқа баруға көлік орнына велосипед таңдаған кезде біз қоршаған ортаны шығарындылардан қорғап сақтауға көмектесеміз.

Біздің компанияның көптеген қызметкерлері белсенді өмір салтын ұстанады. Мысалы, олардың кейбірі жұмысқа велосипедпен баруды жөн көреді. Олар бұл ыңғайлы, ақша мен уақыт үнемдеуші, ал ең бастысы — денсаулыққа пайдалы екенін айтады.

Велосипед таңдаудың кейбір артықшылықтарын атап өтейік:

  • автомобильдің орнына велосипедпен жүріп өткен әр километр үшін атмосфераға шығатын көмірқышқыл газы 145 г-ға азаяды;
  • велосипедпен 15-20 км/ч жылдамдықпен жүріп өткенде біз әр сағатта 400-500 калорияны жағамыз, ал машинада немесе метрода адам қозғалыссыз қалады. Велосипед тебушілер жүрек-қантамыр және тыныс алу жүйесі ауруларына азырақ ұшырайды, артық салмақ пен дене бітімі мәселелері жоқ, бұлшықеттері шынығады;
  • шаһардағы шу деңгейін төмендетеді, ол кейде 95 децибелге дейін жетеді, ал қалыпты дыбыс деңгейі 30 децибел деп есептеледі;
  • көптеген велосипедтер мен оларға арналған аксессуарлар қайта өңделген материалдардан жасалады;
  • осы көлік түрінің мобильділігі.

Жұмысқа велосипедпен келуді таңдағандарға Мәскеудегі орталық кеңсе, өңірлердегі кеңселер және «Восток-Сервис» фабрикаларының аумақтарында арнайы велопарковкалар бар. Жылы айларда онда біздің қызметкерлердің үйден жұмысқа бара жатқанда денсаулыққа пайдалы уақыт өткізетін велосипедтерін дерлік әрқашан көруге болады.

Алдыңғы жаңалық Келесі жаңалық